Ермек Маржықпаев Қоянды және Қостомар ауылдарындағы бизнес-жобаларды қарап шықты

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Целиноград ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Қоянды ауылында 52 бөлмелi студияға арналған үш қабатты жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Құрылыс салушы "Аймақ-Инвест Групп" ЖШС болып табылады, ол ауыл аумағында "Игiлiк" тұрғын үй массивiнiң құрылысын жүргiзедi. Жобада 31 жайлы жеке үй салу қарастырылған, әрқайсысының аумағы 100 шаршы метрден асады. Дайын 14 үйдiң бiрi осыдан екi жыл бұрын компания көп балалы Ұрқытбай Алмас отбасына сыйға тартты. Өңiр басшысы бұл отбасына барып, мектеп жасындағы балалар Аяжан, Нұрболат, Сұлтан және Асхатпен әңгiмелестi. Ермек Маржықпаев кездесуге қатысқан кәсiпорын директорының орынбасары Қуат Үсеновке көрсеткен қамқорлығы мен ықыласы үшiн алғысын бiлдiрдi.

4 ай бойы ауылда "Алғыс" аяқ киiм шеберханасы жұмыс iстейдi. Отбасы iсiн ағайынды Ақпархановтар жүргiзедi. Бақытғазы Ақпархановтың айтуынша, олар күнiне 2-5 жұп былғары аяқ киiм шығарады. Әзiрше шикiзат Жамбыл облысы мен Қытайда сатып алынады. Әйелдер мен ерлерге арналған аяқ киiм бағасы 15 мың теңгеден, балаларға арналған аяқ киiм — 8 мың теңге тұрады.

Шеберхананы кеңейтiп, үлкен нарыққа шығуды жоспарлап отыр, алайда ол үшiн қаржылық қолдау қажет. Облыс әкiмi аудан әкiмi Малғаждар Тәткеевке аймақтық кәсiпкерлер палатасы арқылы кәсiпкерге мемлекеттiк қолдау көрсетуге көмектесудi тапсырды.

"Алтын фазан" жыл бойы демалатын базаның жетекшiсi Бекжан Сафинов бизнестi кеңейту жөнiндегi жоспарларымен бөлiстi. Мұнда ойын-сауық қызметiнiң 20-дан астам түрi ұсынылады: атқа мiну, садақ ату, балық аулау және басқалары. Арқан қалашығы, бассейн, кинологиялық орталық бар. Өндiрiстiк қуаты — күнiне 1000 адам. Аймақ басшысы жобаны барлық қазақстандықтар үшiн, атап айтқанда, Нұр-сұлтан қаласының тұрғындары үшiн де тартымды деп атады. "Керемет табиғат, тамаша жағдай. Астананың жанында, сондықтан оны кеңейту қажет", — дедi Ермек Маржықпаев.

Келесi жылы облыста тағы бiр денсаулық сақтау туризмiнiң нысаны пайда болмақ, оның құрылыс жұмыстары облыс әкiмiнiң Аршалы ауданы Костомар ауылында қаралды. Қайың тоғайының арасында «Ақ қайын"кешенi» салынуда. Жобаны жүзеге асыруға 1,5 млрд жеке инвестиция салынды. Жаңа 30 күмбез тәрiздi үйлер, үлкен конференц-зал, бассейндер және басқа да нысандар көбiктендiрiлген, дәлiрек айтқанда кеңейтiлген полистиролдан салынады.

Кәсiпорынның бас директоры Орман Қамзабаевтың айтуынша, технологиялар жапондықтардан алынған. Ғимараттар дайын модульдерден жиналады, содан кейiн шайыр және бояумен өңделедi. Бұл желдiң күшiне, жаңбырға және қарға төтеп беруге мүмкiндiк бередi.

Ермек Маржықпаев Аршалы ауданының әкiмi Талғат Мұханбеджановқа осы туристiк нысанға жол салу мәселесiн бақылауға алуды тапсырды.

Естерiңiзге сала кетейiк, осы күнi Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев Аршалы және Целиноград аудандарында әлеуметтiк инфрақұрылым нысандарын, көше-жол желiлерiн аралап, Қостомар, Талапкер, Қоянды, Қажымұқан ауылдарының электр және сумен қамтамасыз ету жүйесiнiң жай — күйiмен танысты.

Құрылған күні: 08.06.2019
Қаралым саны: 280
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус