Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері және тыл еңбеккерлері! Құрметті ақмолалықтар!

Сiздердi Ұлы Жеңiстiң 74жылдығымен — ұлылығы мәңгiлiк көнермейтiн мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Осынау айрықша күн барлық қазақстандықтарды ең қатыгез және қанды соғыстың шайқас алаңдарында қалған боздақтарды еске алу, бiздiң халқымыздың ержүректiлiгi мен табандылығына деген мақтаныш сезiмi бiрiктiредi. Елiмiздiң Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев «Ұлы даланың жетi қыры» атты мақаласында: «Төл тарихын бiлетiн, бағалайтын және мақтан ететiн халықтың болашағы зор болады деп сенемiн. Өткенiн мақтан тұтып, бүгiнiн нақты бағалай бiлу және болашаққа оң көзқарас таныту — елiмiздiң табысты болуының кепiлi…» деген болатын.

Бiздiң басты парызымыз — қаһармандық ерлiк туралы қастерлi сезiмдi сақтау, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзiп, бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiзге Ұлы Жеңiс жолында өз өмiрiн құрбан еткендер және әлемдi фашизмнен сақтап халған халқымыздың ерлiгi мен табандылығы туралы айтып отыру болып табылады.

Құрметтi ардагерлер, Сiздерге шын жүректен қайтпас рух, бақыт және сәттiлiк тiлеймiн. Сiздердi мұң мен келеңсiздiктер айналып өтетiн болсын, жақындарыңыздың жомарт жүрегi сiздердiң өмiр жолдарыңызды жылытып тұрсын.

Мерекелерiңiзбен, қадiрлi ақмолалықтар! Сiздерге ашық та бейбiт аспан, дархан көңiл, өзара түсiнiстiк, игi iстер, сәттiлiк және отбасылық бақыт тiлеймiн! Қазақстан аспаны әрдайым ашық болсын және бiздiң елiмiз, бiздiң халқымыз өркендей берсiн!

Құрметпен,
Ақмола облысының әкiмi                                                                                   Ермек Маржықпаев

Құрылған күні: 08.05.2019
Қаралым саны: 1942
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус