Ақмола облысында қосымша білім беру гранттары мен шәкітақылары бөлінді

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңiрдегi жастар саясаты және кәсiподақтар қозғалысын дамыту мәселелерi қарастырылды.

Жастар саясаты басқармасының басшысы Тимур Ысқақовтың ақпараты бойынша, мемлекеттiк жастар саясатының басым бағыттарын жүзеге асыру бойынша облыста жүйелi жұмыстар жүргiзiлiп жатыр. Жастардың саны 148 996 адам немесе облыс халқының 20,2% құрайды. Өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы шеңберiнде 3749 адам жастар практикасына және әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберiлдi және басқа да әлеуметтiк қорғау шараларымен қамтылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы 241 жас маман қамтылды, көтерме жәрдемақы төлендi және 308 — бюджеттiк кредит берiлдi. Әлеуметтiк қорғалмаған санаттың жастарын қолдау, ынталандыру және сапалы кәсiптiк бiлiм беру үшiн, облыс әкiмiнiң атаулы шәкiртақысы тағайындалды. 2017 жылы шәкiртақы алушылар саны 276 адамға жеттi. Сонымен қатар, бiрiншi рет облыстық бюджеттен педагогикалық мамандықтар бойынша түсетiн ЖОО студенттерi үшiн 100 қосымша грант бөлiндi. Ағымдағы жылы медициналық мамандықтар үшiн тағы 50 грант бөлiндi.

Кәсiподақтар қозғалысын дамыту жағдайы туралы кәсiподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов баяндады. Аумақтық кәсiподақ бiрлестiктерiнде 74 577 мүше бар, ол облыста жұмыс iстейтiндердiң 28% құрайды.

Өңiрде жаңа кәсiподақ ұйымдарын құру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Қали Рахметов өз сөзiнде, тауарларлар сатып алуға, компанияларда қызметi үшiн жеңiлдiктер алуға, сондай-ақ санаториялық және ҚР кәсiподақтар федерациясының емдеу орындарында демалыс бойынша жеңiлдiктер алуға мүмкiндiк беретiн жаңа электрондық мүшелiк билеттер әзiрленiп енгiзiлiп жатқанын айтып өттi.

Аппараттық кеңестiң қорытындысы бойынша өңiр басшысы облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ыдырысовқа кәсiподақтар орталығының төрағасы Қ.Рахметовпен бiрлесе отырып еңбек ұжымдарында кәсiподақ мүшелерiнiң санын көбеуту бойынша шаралар қолдануды тапсырды. Облыс аудандары мен қалаларының әкiмдерiне жастар саясаты мәселелерi басқармасымен бiрлесе отырып қызмет салалары бойынша жұмыспен қамтылған жастар санын анықтау бойынша жұмыс жүргiзудi тапсырды.

Құрылған күні: 10.09.2018
Қаралым саны: 623

Қаз Рус Eng