ДЕПУТАТТАР – ЕЛ ІШІНДЕ

Облысымызға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттары Рашит Әкiмов пен Дәурен Әдiлбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтiк бастамасында» алға қойылған мiндеттердiң Ақмола өңiрiнде орындалу барысы қаралған жиынға қатысты. Оны облыс әкiмiнiң орынбасары Қанат Ыдырысов ашып, жүргiзiп отырды.

Жиынға облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердiң және екiншi деңгейлi банктердiң басшылары мен БАҚ өкiлдерi қатысты.

Жиында халықты баспанамен қамтамасыз ету, қызметкерлерге салықтық жеңiлдiктер жасау, ынталы адамдардың кәсiпкерлiкпен айналысуы, студент жастардың бiлiм алуы және жатақханамен қамтылуына байланысты алда тұрған мiндеттер Елбасының әлеуметтiк бастамалары тұрғысынан сөз болды. Бiрiншi бастама «Әрбiр отбасына баспана алудың жаңа мүмкiндiктерiн беру» бағыты бойынша өңiрдегi тұрғын үй құрылысында «7 — 20 — 25» бағдарламасының орындалу барысын Ақмола облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкiров баяндап бердi.

Қазiр елiмiздiң жоғары оқу орындарында 530 мыңнан астам жас оқып жатыр, олардың 30 процентке жуығы мемлекет бөлген грантпен бiлiм алуда. Жоғары бiлiм алудың қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттыру үшiн төмендегiдей шараларды ұсынамын. Қазiр жыл сайын бөлiнетiн 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық бiлiм беруге тиесiлi, — деп атап өткен болатын Елбасы өзiнiң бес әлеуметтiк бастамасында.

Осыған орай, бiлiм беру орындарындағы жатақханалардың жай-жапсары туралы облыстық бiлiм басқармасының басшысы Талғат Жүнiсов айтып бердi. Көкшетау қаласында бiлiм алушыларға арналған 5,7,9 қабатты жатақханалар салу көзделген. Сонда 5 қабатты 104 орын, 7 қабатты 190, 9 қабатты 244 орындық жатақхана бiздiң қолымызға тиедi.

Жиында зейнетақы жүйесiне байланыс-ты Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталығының директоры Виталий Городецкий де сөз сөйлеп, өз ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi.

Отырыста облысымызда шағын несие берудi көбейту мен елдi табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары да қолға алынып жатқаны сөз болды.

 

Құрылған күні: 24.07.2018
Қаралым саны: 1344
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng