Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті

Ақорда. Нұрсұлтан Назарбаев Ф.-В.Штайнмайердiң Германия Президентi ретiнде Қазақстанға алғашқы сапармен келiп отырғанын атап өтiп, оған «ЭКСПО-2017» көрмесiн аралап көруге қызығушылық танытқаны үшiн ризашылық бiлдiрдi.

– Мен Сiздi елiңiздiң Президентi лауазымына сайлануыңызбен құттықтаудың осындай мүмкiндiгi туындағанына қуаныштымын. Сiз дүние жүзiне белгiлi әрi көпшiлiк құрметтейтiн саясаткерсiз. Германия халқы өзiңiздей беделдi Президентке ие болды. Бiз бiр-бiрiмiздi көптен берi бiлемiз. Сiзбен ынтымақтастықта болып, жүздесу әрдайым көңiл қуантады. Сiз сыртқы iстер министрi лауазымында болған кезде бiз ауқымды түрлi мәселелердi талқылаған едiк, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентi Германия әлемдегi ең iрi экономикасы бар ел екенiн айтып, елдерiмiз жақсы әрiптес болып отырғанына тоқталды.

– Қазiр ынтымақтастығымыздың жаңа бағдарламалары бар. Қазақстан осы қарым-қатынастарды барлық бағыттар бойынша дамытуға мүдделi. Сiздiң сапарыңыз аясында Iскерлiк кеңес өтуде. Елдерiмiздiң бизнес-құрылымдары арасында 20-ға жуық келiсiмге қол қойылады, — дедi Мемлекет басшысы.

Германия Федеративтiк Республикасының Президентi Ф.-В.Штайнмайер Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанға шақырғаны үшiн бүкiл Германия делегациясы атынан алғыс айтты.

– Сiзге қонақжайлық танытып, Германияға және жеке өзiме қатысты айтқан жылы лебiзiңiз үшiн ризашылығымды бiлдiремiн. Президент ретiнде сайланғаннан кейiн мен Қазақстанға алғаш рет келiп отырмын. Осы сапарымның өзiндiк ерекшелiгi де бар. Биыл бiздiң мемлекеттер арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанына 25 жыл толып отыр, — дедi Ф.-В.Штайнмайер.

Германия Президентi екi ел арасындағы ынтымақтастық оң қарқын алып отырғанына назар аударды.

– Ширек ғасырда экономикадағы, мәдениеттегi және саясаттағы өзара қарым-қатынасымыз нығайып, тереңдей түстi. Осы iскерлiк қатынастардың артқанының бiрден-бiр көрсеткiшi ретiнде Германия ұйымдары мен компанияларының «Астана ЭКСПО-2017» көрмесiне белсендi түрде атсалысуын айтуға болады. Осы орайда, көрмедегi Германия күнiнiң менiң сапарыммен тұспа-тұс келгенiне өте қуаныштымын, — дедi Ф.-В.Штайнмайер.

Германия Президентi болашақтың энергетикалық мәселесiне арналған халықаралық көрме тақырыбының өзектiлiгiн де атап өттi.

Сілетеме

Құрылған күні: 12.07.2017
Қаралым саны: 2459

Қаз Рус Eng