Ақмола облысында 400-ден астам түлек «Алтын белгі» және үздік аттестатқа ие болды

Бүгiн Ақмола облысы әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының мектеп түлектерiне "Алтын белгi" және үздiк аттестаттар, сонымен қатар 100 және 80 мың теңге ақшалай сертификаттар табыс еттi.

"Сiздер маңызды жауапты шешiмдер алдында тұрсыздар. Сiздер жассыздар, күш қуатпен болашаққа үлкен жоспарларға толысыздар. Бүгiн Қазақстанның Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсiмiнде атап өткендей, сiздердiң алдарыңыздағы елiмiздiң дамуына қосатын үлестерiңiз зор. Елбасы 2019-шы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Сiздердiң ең үлкен армандарыңызды жүзеге асырып, жеке жетiстiктерiңiздiң қол жеткiзу үшiн көп мүмкiндiктер жасалады", — деп облыс әкiмi барлық түлектердi құттықтады.

Ермек Маржықпаев жастарды алдағы уақытқа мақсат қойып кездесетiн қиындықтардан қорықпауға шақырды: "Тырысыңыздар, талпыныңыздар! Шешiм қабылдаңыздар". Өз оқушыларына қажеттi бiлiм берiп қана қоймай, өз iс-әрекетiне жауап беруге барлық күш-жiгерiмен тырысқан мұғалiмдердiң еңбегiн ерекше атап өттi. Ата-аналарды құттықтай отырып, облыс әкiмi мектеп бiтiру кешi балалары үшiн болашаққа бастар қадамы екенiн атап өттi.

Құттықтау рәсiмi дәстүрлi вальспен және түлектердiң қоштасу флешмобымен аяқталды.

Ағымдағы жылы Ақмола облысында 4606 түлек мектептi бiтiрдi, оның 242-i "Алтын белгi", 175-i Үздiк аттестатқа ие болды. 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстың 710 оқушысы облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңiмпаздары атанды. Олардың 18-i мектеп бiтiрушi сынып оқушылары, кейбiреулерi әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Назарбаев Университетi және басқа университеттердiң оқу гранттарына ие болды.

Құрылған күні: 12.06.2019
Қаралым саны: 240
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус