Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

Бүгiн Үкiмет үйiнде ҚР Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабiлеттiлiк жөнiндегi сараптама кеңесiнiң отырысы өттi.

Отырыс барысында экономиканы ырықтандыру және кедендiк реттеудi жетiлдiру мәселелерi талқыланды.

Күн тәртiбi бойынша «Globalink Logistics Group» бас директоры С. Хан баяндама жасады.

Мәселелердi талқылауға ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Е. Досаев, ұлттық экономика министрi Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму бiрiншi вице-министрi Р. Скляр, Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң төрағасы А. Теңгебаев, «Сентрас» компаниялар тобының бас директоры Е. Әбдiразақов, «BI Group» холдингi директорлар кеңесiнiң төрағасы А. Рахымбаев және т.б. қатысты.

Құрылған күні: 07.06.2018
Қаралым саны: 2021
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng