Асқар Мамин: Бизнесін ашқан адамдардың қатарын көбейту қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Елiмiзде өз бизнесiн ашқан адамдардың санын арттыру қажет. Бұл туралы бүгiн «Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасының iске асырылу барысы қаралған Үкiмет отырысында ҚР Премьер-Министрi Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

«Әкiмдiктер осы бағдарламаның («Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасы-авт) дамуына серпiн беру үшiн шағын және орта бизнес жобаларына субсдия мен кепiлдiк беру, қосымша қаражат бөлу мәселесiн қарастыру керек», — дедi ол. Осы ретте Премьер-Министр үлгi аларлық мысалдар бар екендiгiн атап өттi. «Шымкент қаласының әкiмдiгi субсидиялауға 600 млн теңге, ал жобаларға кепiлдiк беруге 250 млн теңге, Атырау облысының әкiмдiгi 600 млн теңге бөлдi», — дедi Үкiмет басшысы. Асқар Мамин «Атамекен» ұлттық кәсiпкерлер палатасы бизнес мектептердегi оқытудың тиiмдiлiгiн арттырып, өз бизнесiн ашқан адамдар санын өсiруi қажеттiгiне де назар аудартты. «Елбасы өз Жолдауында Үкiметке қысқа мерзiмде «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының 2020-2025 жылға дейiнгi келесi кезеңiн әзiрлеп, бекiтудi тапсырды», — деген Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмысты бiрiншi орынбасары Әлихан Смайыловқа жiтi бақылауға алуды тапсырды.

Құрылған күні: 09.04.2019
Қаралым саны: 562
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус