Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

2015 жылғы 28 наурыздағы №38 (17602) «Арқа ажары» газетiнде

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк

лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы, D-О-1 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 140298 теңгеден 189627 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Мемлекеттiк мекеме туралы ережемен белгiленген қызметтердi орындау жөнiнде басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, өзiнiң орынбасарлары мен басқарманың бөлiм басшыларының арасында мiндеттер мен өкiлеттiлiктердi анықтау, өз құзiреттiлiгiнiң аясында мемлекеттiк билiк органдарымен қарым-қатынас жүргiзу, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп саласында басқарманың жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, техникалық ғылымдары және технологиялар саласында немесе экономика және бизнес, мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес, оның iшiнде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында екi жылдан кем емес.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының бас маманы, D-4 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 71750 теңгеден 96735 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Қазақстан халқы Ассамблеясының алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын орындау. Өңiрдегi қоғамдық тұрақтылықты және азаматтық келiсiмдi нығайту мен дамыту жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн орындауды ұйымдастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы және Ақмола ассамблеясы жөнiндегi ережелерге сәйкес хатшылық қызметiн ұйымдастыру-әдiстемелiк және құжаттамалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыру. Ақмола ассамблеясының Кеңесi мен сессияларына тиiстi құжаттарды және қаралатын мәселелердi дайындау, Ақмола ассамблеясының Кеңесi және сессиялары шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Ассамблеяның алдағы және ағымдағы жұмыс жоспарларының орындалуына бақылауды ұйымдастыру, талдамалық, ақпараттық және әдiстемелiк материалдарды дайындау. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерiмен Ақмола ассамблеясы мүшелерiнiң өзара байланысын жүзеге асыру. Облыстағы этно-мәдени бiрлестiктердiң, Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясы мүшелерiнiң қызметтерiн үйлестiру, олардың мемлекеттiк құрылымдармен, өз құзiреттiлiгiнiң аясында Ақмола ассамблеясының Кеңесiмен және атқарушы хатшылығымен өзара байланысын қамтамасыз ету. Мемлекеттiк құрылымдармен өзара қарым-қатынас жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, бiлiм беру саласында немесе әлеуметтiк ғылымдары, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) белгiленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру («Арқа Ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде) соңғы жарияланған кезден бастап 10 күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, анықтама үшiн телефон нөмiрi: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты

Құрылған күні: 28.03.2015
Қаралым саны: 1192

Қаз Рус Eng