Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

2015 жылғы 31 наурыздағы №39 (17603) «Арқа ажары» газетiнде

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк

лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, D-О-1 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 140298 теңгеден 189627 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Мемлекеттiк мекеме туралы ережемен белгiленген қызметтердi орындау жөнiнде басқарманың жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асыру, өзiнiң орынбасарлары мен басқарманың бөлiм басшыларының арасында мiндеттер мен өкiлеттiлiктердi анықтау, өз құзiреттiлiгiнiң аясында мемлекеттiк билiк органдарымен қарым-қатынас жүргiзу, ауыл шаруашылығы саласында басқарманың жұмысын ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, ауыл шаруашылық саласында немесе ветеринария немесе техникалық ғылымдары және технологиялар саласында, мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес, оның iшiнде ұйымдардың басшылары және олардың орынбасарлары лауазымдарында екi жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) белгiленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру («Арқа Ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде) соңғы жарияланған кезден бастап 10 күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, анықтама үшiн телефон нөмiрi: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты

Құрылған күні: 31.03.2015
Қаралым саны: 1186

Қаз Рус Eng