Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

2015 жылғы 2 мамырдағы № 53 (17617) «Арқа ажары» газетiнде

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк

лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:

Ақмола облысы әкiмi аппараты индустрия мен инвестицияларды дамыту бөлiмiнiң бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс кезiне), D-4 санаты.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 71750 теңгеден 96735 теңгеге дейiн.

Қызметтiк мiндеттерi: Сауда саясатын, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп, инновациялар, туризм, инвестициялар жүргiзудi қамтамасыз ету, индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру, мемлекеттiк–жеке меншiк әрiптестiк дамыту саласындағы мәселелердi жүргiзу, өз құзыретi шегiнде бәсекелестiк саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру мәселелерiн жүргiзу. Облыста туризмнiң даму жағдайын талдау. Мемлекеттiк органдардың, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп саласындағы меншiк формасына қарамай шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жұмыстары бойынша ұсыныс енгiзу, оны талдау және зерттеу. Қадағалу мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдармен және аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң аппараттарымен және өзге заңды тұлғаларымен өзара қарым-қатынас жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, техникалық ғылымдары және технологиялар саласында немесе экономика және бизнес немесе қызмет көрсету, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде шетелдiқ жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы немесе ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекiтiлген Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға мынадай құжаттарын тапсырады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) белгiленген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама (№ 086/У);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органмен белгiленген шектi мәннен төмен емес нәтижемен тестiлеуден өткенi туралы қолданыстағы сертификат.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайларда осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

Мемлекеттiк қызметшiлермен тапсырылатын осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды олар жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органдардың персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) куәландыра алады.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап бес жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған Ақмола облысы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру («Арқа Ажары», «Акмолинская правда» газеттерiнде) соңғы жарияланған кезден бастап 10 күнтiзбелiк күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Мекен-жай: Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 83, анықтама үшiн телефон нөмiрi: +7(7162) 29-72-27, 29-72-31, факс: 25-79-22, электрондық мекен-жайы: temirhanova_zha@akmo.kz, zeinullina_km@akmo.kz.

Ақмола облысы әкiмiнiң аппараты

Құрылған күні: 02.05.2015
Қаралым саны: 1097

Қаз Рус Eng