Ақмола әкімдігі Бурабайға туристер тартудың жаңа түрлері мен әдістерін іздестіруде

Ақмола облысы туризм басқармасының қазан айының ортасында Бурабайда Oktoberfest сыра фестивалiн өткiзу үшiн бюджеттен 11,7 млн теңге бөлу ниетiне қоғамның наразылығын ескерiп, бұл бастама тоқтатылды. «OktoberFest» фестивалiн оның әлемдегi әйгiлi брендiн ескере отырып туристердiң, соның iшiнде шетелдiктердiң кең аудиториясын тарта отырып өткiзу жоспарланған. Келесi жылы Бурабай курортының маусым аралық белсендiлiгiн арттыру мақсатында фестивальдi бизнес-секторға берудi жоспарлап отырмыз», — деп жағдайды түсiндiрдi Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин. Сонымен қатар, «Four Seasons» тұжырымдамасына сәйкес QymyzFest, Race Nation Burabay, YogaFest, Nomad Food сияқты және басқа да Бурабай курортының жүктелуiн арттыруға және оның туристiк нарығын жылжытуға бағытталған бiрқатар iс-шаралар сәттi өткiзiлгенiн атап өттi. Мұндай iс-шаралардың мультипликативтiк әсерi көлiк, қонақ үй, мейрамханалар сияқты туристiк субъектiлердiң кiрiс бөлiгiн арттыруға, туристiк маусымның тарқауы кезiнде жұмыс орындарын сақтауға және iс-шараларға қатысушылардың шығындары есебiнен салық түсiмдерiн арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, облыс әкiмiнiң айтуынша, жүргiзiлген талдау осы iс-шараларды өткiзу кезiнде жай күндерi 30% болатын қонақ үйлердiң жүктемесiн 90%-ға жеткiздi.

Құрылған күні: 02.11.2018
Қаралым саны: 148
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng