Ақмолалық полицейлер 20 жаңа қызметтік автокөліктің кілтін алды

Бүгiн, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин қоғамдық тәртiптi және қылмыстардың алдын алуды қамтамасыз етуге тартылған көкшетаулық гарнизонның күштерi мен құралдарын таратуға қатысты. Өңiр басшысы жеке құрамның қызмет атқаруға дайындығын тексердi.

Өзiнiң құттықтау сөзiнде Мәлiк Мырзалин жеке құрамға өңiрде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша қызметiне алғысын бiлдiрдi және жергiлiктi атқарушы органдармен құқық қорғау құрылымының материалды-техникалық базасын жетiлдiруге ерекше назар аударылатынын атап өттi.

Облыс әкiмi салтанатты түрде өңiрдiң полиция департаментiне 20 жаңа қызметтiк автокөлiктiң кiлтiн табыс еттi. Көлiк құралдары қажеттi техникамен, атап айтқанда дабылды-дауыс зорайтқыш құралымен, бейнетiркегiштермен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етiлген. Жаңа автокөлiктер тәртiп қорғаушыларына өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн абыроймен атқаруға, заң бұзушылықтарды анықтауға және азаматтардың қоғамдық қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында қылмыстарды әшкерелеуге мүмкiндiк бередi.

Көкшетау қ. полиция басқармасының басшысы, өз кезегiнде, жаңа техника полиция жасақтарының мобильдiлiгiн айтарлықтай арттыратынын, азаматтардың хабарламаларына уақытында ден қоюға мүмкiндiк беретiнiн атап өттi.

Құрылған күні: 29.12.2018
Қаралым саны: 357
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng