Ақмола облысы АӨК – ел экономикасының драйверін дамытуда

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан Ақмола облысы егiн орағы науқанын сәттi аяқтады. «Ақмола облысы республика бойынша ең көп өнiм жинады. Астықтың жиынтық өнiмi 5,6 млн. тонна құрады, орташа өнiмдiлiгi гектарынан 13 центнер», — дедi Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин. Облыс әкiмi агроөнеркәсiп кешенiн — ел экономикасының драйверiн дамыту мiндетiн алға қойғанына баса назар аудартты. Осыған байланысты астаналық өңiрде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу белсендi дамуда. Инвестициялардың жалпы респубоикалық көлемiнiң 25% Ақмола облысында осы салада игерiлуде. Мәлiк Мырзалиннiң сөзi бойынша өңiр үшiн ғана емес, барлық елiмiз үшiн ең көлемдi жобалардың бiрi қуаттылығы жылына 50 мың тонна Макинск құс фабрикасының құрылысы болды. Объектiнiң бiрiншi кезеңi (25 мың тонна) тамыз айында iске қосылды. Жобалық қуаттылығына шыққанда кәсiпорын астанға құс етiнiң импортын 30% жабады.

Құрылған күні: 02.11.2018
Қаралым саны: 134
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng