Ақмола облысы республика бойынша құс етінің импортын 30% жабады

Ақмола облысында құс етiнiң импортын алмастыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. «Соңғы 5 жылда, мемлекеттiк қолдаудың арқасында Ақмола облысының құс шаруашылығы айтарлықтай дамыды», — дедi Орталық коммуникация қызметiндегi пресс-конференция барысында Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин. Өңiр басшысының ақпараты бойынша құс етiн өндiру бойынша 3 кәсiпорын құрылған:

 — «Капитал Проджект ЛТД» ЖШС өндiрiстiк қуаттылығы жылына 20,0 мың тонна құс етi;

- «Астраханская птица» ЖШС өндiрiстiк қуаттылығы жылына 3 мың тонна құс етi;

- және ағымдағы жылы Орта Азиядағы iрi кәсiпорынның бiрiншi кезегi iске қосылды.

Облыс әкiмi «Макинск құс фабрикасы» ЖШС республикада құс етiн өндiретiн ең iрi фабрика екенiн айтып өттi. Сонымен қатар, ол фабрика жылына 50 мың тонна жобалық қуаттылығына шыққан кезде жалпы республика бойынша құс етiнiң импортын 1/3 жабатынына нащар аудартты. Мәлiк Мырзалин өңiр 2020 жылы құс етн өндiру көлемiн жылына 80 мың тоннаға жеткiзудi көздеп отырғанын айтты, ол облыс iшiнде импортты алмастыруға және республикамыздың өзге өңiрлерiмен шетелдерге өнiм жеткiзудi арттыруға әсер етедi.

Құрылған күні: 02.11.2018
Қаралым саны: 148
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng