Ақмола облысында Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай ауқымды іс-шаралар өткізілуде

Облыстың қалалары мен аудандарында орталық алаңдарда, сал серiлер, ақын-импровизаторлар: Бiржан сал, Ақан серi, Балуан Шолақ ескерткiштерiнде, бiлiм беру және мәдениет мекемелерiнде, сондай-ақ, балалар сауықтыру лагерлерi бойынша 1000-нан астам түрлi форматта шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Бурабай ауданындағы Абылай хан алаңында «Домбыра — асыл мұра» мерекелiк концертi мен жастарға арналған «ДомбыраFest» музыкалық бағдарлама, Бiржан сал ауданында — «Домбыра» мүсiнiнiң салтанатты ашылуы, Бұланды ауданының орталығы Макинск қаласында «Күмбiрле домбыра» домбыра-party, Ерейментау ауданында «Домбыра» монументiнiң алдында флеш-моб, ал Степногорск қаласында «Дала әуендерi» дәстүрлi әндер конкурсы өттi.

Сондай-ақ, Көкшетау қаласында Бiржан сал мен Ақан серi ескерткiштерiне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды.

Мерекелiк шара мемлекет басшысының Жарлығымен, әрi қалалық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң республикалық акциясына қолдау көрсету мақсатында «Ұлттық домбыра күнi» акциясы 100-ден астам домбырашылардың қатысуымен «Тәуелсiздiк» алаңында «Көңiл ашар», «Сары арқа», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Адай» және т.б. күйлердi орындаумен жалғасын тапты.

Сонымен қатар, «Көкшетау» мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Ақан серi» мәдениет колледжiнiң оқытушылары мен студенттерiнiң қатысуымен «Бабамыздың үнi сен — домбыра» атты концерт өтсе, Абылай хан алаңында — Бiржан сал музыкалық колледжiнiң оқытушылары мен студенттерi, сондай-ақ облыстық мұражайлардың қатысуымен домбырамен суретке түсуге арналған фото-аймақтар ұйымдастырылған. Домбырамен сүйiктi әуендерiн орындау үшiн де жағдай ойластырылғандығын атап өткен жөн.

1 шiлдеде Астана қаласында «Қазақ Елi» монументiне Құрманғазы, Тәттiмбет және басқа да республикалық масштабтағы танымал 10 оркестрмен облыстық Үкiлi Ыбырай атындағы филармонияның К.Күмiсбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрi мен өңiрдiң 7 аймағынан жиналған ең мықты және ең жақсы виртуоздық күйшiлер мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетiн Ұлттық Домбыра күнi мерекесiне орай ауқымды күй орындау шарасына қатысуда.

Атап өту қажет, қалалық перзентханада ұлттық мереке қарсаңында Әли есiмдi нәресте дүниеге келген. Оған Қазақстан Халқы Ақмола Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушiсi Ринат Галлямов домбыра табыс еттi.

  

Құрылған күні: 01.07.2018
Қаралым саны: 698

Қаз Рус Eng