Ақмола облсының әкімдігі Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығымен ынтымақтастық меморандум жасасты

Бүгiн Көкшетауда Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин мен Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалар халықаралық орталығының басшысы Рапиль Жошыбаевтың арасындағы кездесудiң негiзiнде өңiрде жасыл технологиялар мен инвестициялық жобаларды енгiзуге бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Құжат экология, жасыл энергетика, жаңартылатын энергия көздерi, энергия тиiмдiлiгi мен энергия үнемдеу жобаларын, агроөнеркәсiп кешенiн цифрландыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару жобаларын iске асырумен байланысты мәселелердiң кең ауқымын қарастырады.

Ақмола облысының әкiмi өңiрде энергияның таза көздерiн дамыту, ауыл шаруашылығында, экономиканың энергетика, сумен жабдықтау және басқа да секторларында жаңа технологияларды пайдалану бойынша белсендi жұмыстар жүргiзiлiп жатқанын айтып өттi. Әсiресе бұл жұмыс «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесi өткiзiлгеннен кейiн жандана түскен.

Ақмола облысы елiмiзде жел электр станциясы құрылысын салу бойынша пионер болды. Олардың бiрiншiсi Ерейментау ауданында салынды, қуаттылығы 45 МВт, қазiр оны кеңейту жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Аршалы ауданында қуаттылығы 100 МВт жел электр станциясының құрылысы салынуда. Қуаттылығы осындай күн электр станциясы Целиноград ауданында салынады. Сонымен қатар, Зерендi ауданында электр станциясының құрылысын салу қарастырылуда. Бұл экономика тұрғысынан да, экология тұрғысынан да перспеквалы бағыт.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндiрiлген электр энергиясы көлемiнiң 20% немесе облыстағы әрбiр бесiншi кВтч таза энергия көздерiнен алынған. Аршалы ауданының Арнасай кентiнде Жасыл технологиялар орталығы сәттi жұмыс жүргiзуде, онда «жасыл» кәсiптi үйренуге және кәсiпорындардың энергия тиiмдiлiгiн арттыруға ынталы тұлғалар оқытылады.

Кедесу барысында Рапиль Жошыбаев ынтымақтастық өңiрге өзектi энергетикалық эәне экологиялық мәселелердi iске асыру мен шешу мақсатында ұтымды нұсқаларды тиiмдi қолдануға мүмкiндiк беретiнiн айтты.

Жасалған келiсiмнiң шеңберiнде тараптар жасыл экономиканы дамыту, өңiрдiң кешендi жоспарларын, инвестициялық, экологиялық, инновациялық және ғылыми-бiлiм беру жобаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру қызметтерiн үйлестру бойынша ақпарат алмасып отыруға ниеттi. Техникалық және әкiмшiлiк қолдауды, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жетелеудi Орталық «бiр терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын болады.

"ЖТИЖХО" ҰАҚ ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ 70-iншi мерейтойлық Бас Ассамблеясында айтылған тапсырмасы бойынша "ЭКСПО-2017" көрмесiнiң инфрақұрылымы мен мұрасы базасында құрылды. Орталықтың тұсаукесерi 2018 жылы 17 мамырда XI Астана Экономикалық Форумы — GLOBAL CHALLENGES SUMMIT шеңберiнде өткiзiлдi.

 

Құрылған күні: 13.09.2018
Қаралым саны: 460

Қаз Рус Eng