Облыс әкімі жұмыс сапарымен Атбасарға барды

ҚР Үкiметiнiң қаулысымен Атбасардағы көктемгi су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлердiң құрылысы мен мектеп және қала сыртындағы лагерьдi күрделi жөндеуге қаржы бөлiндi.

Бүгiн облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Атбасарда көктемгi су тасқынынан кейiнгi қалпына келтiру мақсатында атқарылған кешендi жұмыстар барысымен танысты. Атап айту керек, бүгiнгi күнi Атбасарда су шайып кеткен Атбасар-Қима тас жолы бойындағы көпiр қалпына келтiрiлiп, темiр жол көпiрi де реттелген. Сондай ақ өзен бойындағы қар суы өтетiн көпiрлерде тазалау жұмыстары жүргiзiлген.

ҚР Үкiметi қаулысымен күнi кеше Үкiмет резервiнен 1 911,9 млн теңге қаржы Атбасардағы көктемгi су тасқынынан зардап шеккендерге арналған алты 45 пәтерлi тұрғын үй құрылысына бөлiндi.

Аймақ басшысы құрылыс нысанында болып, мердiгер компания басшыларына сапаға ерекше назар аударып, нысанды уақытылы тапсыруды жүктедi.

Мұнымен қоса, былтыр су астында қалған мектеп пен аудандағы жалғыз жазғы лагерьдi күрделi жөндеуге Үкiмет қаулысымен қосымша 211 млн теңге қаржы бөлiндi. Сапары барысында Мәлiк Мырзалин, тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен де кездесiп, олардың сұрақтарына жауап бердi.

Құрылған күні: 13.11.2017
Қаралым саны: 1143

Қаз Рус Eng