Ақмола облысының әкімі суға кетіп бара жатқан сәбиді құтқарған батырлармен кездесті

Бүгiн, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин Көкшетау қаласында 3 қарашада өзенде суға батып бара жатқан ұлды құтқарған Темiрлан Шәрiпбаевпен және Жомарт Мардушевпен кездестi.

Мәлiк Мырзалин соңы жақсылықпен аяқталған оқиғаның барлық қатысушыларымен танысты. Достары өзен мұзының қаттылығын тексерудi қанағат тұтқан бала, Көкшетау қаласы, №4 орта мектебi 3 «Д» сыныбының оқушысы Даниил Ертушев болып шықты. Ол қазiрдiң өзiнде кеңiрдегiне дейiн суық суға қалай түсiп кеткенiн және көмекке шақырғанын бiлмейдi.

17 жастағы Темiрлан — Зерендi ауданының тумасы, жоғарғы көп бейiндi азаматтық қорғау колледжiнiң үш курс студентi, болашақ құтқарушы, оқуын аяқтаған соң ҚР IIМ Төтенше жағдайлар комитетi Көкшетау техникалық институтына оқуға түсудi жоспарлауда. Өзiнiң қылығын, ерекше бiр уақиға деп есептемейдi. Кездесуде өзiн кiшiпейiлдiлiкпен ұстады: «өз колледжiм үшiн футболдан жолдастық кездесуден кейiн үйге қайтып келе жатқанмын, өзен жағасында адамдарды және судағы баланы көрдiм». Жақын арада кетiп бара жатқан Жомарт дер кезiнде келiп, екеулеп Даниилдi судан алып шығады. «Бiз оны құтқаруды ғана ойладық. Балалары барлардың барлығы да осылай iстер едi. Менiң екi балам — ұлым мен қызым бар» — дедi ол.

«Бiз сендердi мақтан тұтамыз. Мұндай қадамға әркiм бара бермейдi. Сендердей адамдар көп болғай»,- деп өз ойын бiлдiрдi өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин. Кездесудiң соңында өңiр басшысы құтқарушыларға бағалы сыйлықтар, құтқарылған ұлға жылы киiм жинағын табыс еттi.

Құрылған күні: 05.11.2018
Қаралым саны: 288
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng