Ақмола облысының әкімі жұмыс сапарымен Сандықтау ауданында болды

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Сандықтау ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды.

Ақмола облысы әкiмiнiң ағымдағы жылғы 10 сәуiрдегi өкiмiмен Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмi бойынша Асқарбек Съезбекұлы Үйсiмбаев аудан әкiмi болып тағайындалды.

Асқарбек Съезбекұлы, 1961 жылы туған, Целиноград ауданы Балкашино ауданының тумасы. Целиноград инженерлiк-құрылыс институтын инженер-механик бiлiктiлiгi және Мәскеу құқық институтын менеджер бiлiктiлiгi бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын 1986 жылы Целиноград ауданы Балкашино ауданының «Веселовский» кеңшарында пайдалану жөнiндегi инженер лауазымынан бастады. 1991-1998 жылдары Балкашино ауданы «Каменский» кеңшарында бас инженер, «Культура» кеңшарының директоры, Сандықтау ауданының «Мәдениет» ӨК төрағасы болып жұмыс iстедi.

1998-2002 жылдары Бұланды ауданы әкiмiнiң, 2002-2004 жылдары Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының лауазымдарын атқарды.

2004-2012 жылдары — Ақкөл ауданының әкiмi, 2012-2013 жылдары — Целиноград ауданының әкiмi, 2013-2017 жылдары — Жарқайың ауданының әкiмi.

2017 жылғы қазаннан берi Ақмола облысы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасарының лауазымында қызмет атқарды.

Аудан активiмен кездесуде Ермек Маржықпаев Елбасының жаңа әлеуметтiк бастамаларына баса назар аудартты. Сандықтау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң деректерi бойынша 1 сәуiрден бастап 91 отбасына жаңа қағидалар бойынша әлеуметтi көмек тағайындалды.

Сонымен қатар, облыс әкiмi аудандағы көктемгi егiн егу жұмыстарына дайындық, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету, су тасқынына қарсы iс-шараларды жүргiзу, жер заңнамасының сақталуы, мемлекеттiк бағдарламалар шеңберлерiндегi жобаларды жүзеге асыру жұмыстарымен танысты.

Жұмыс сапары барысында Ермек Маржықпаев Сандықтау ауылындағы өткен жылдың мамыр айынан берi жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп жатқан жетiм балаларға арналған бұрынғы балалар үйiне барды. Қаржыландыру соммасы 2018 жылы шамамен 493 млн теңге құраған. Жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшiн тағы 100 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Қазiргi уақытта оқу корпусын реконструкциялау, монша мен көмiр қоймасының құрылысын салу аяқталуда, сыртқы және iшкi инженерлiк желiлер тартылған. Облыс әкiмi мердiгерге жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде орын алған кемшiлiктердi көрсеттi және оларды қысқа мерзiмде жоюды тапсырды. Реконструкция аяқталғаннан кейiн мұнда өмiрiнде қиын жағдайларға тап болған балаларды қолдау орталығы ашылады.

Балкашино ауылында өңiр басшысы 2013 жылы пайдалануға берiлген орталық қазандыққа барды. Мұнда жылу беру кезеңi штаттық режимде өткiзiлуде. Жаңа маусымға қазандарын, электржабдықтарын және жылу құбырларын ағымдағы жөндеу жоспарланған. Өңiр басшысы жауапты тұлғаларға жаңа жылу беру кезеңiне тыңғылықты дайындалуды тапсырды.

   

Құрылған күні: 10.04.2019
Қаралым саны: 540
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус