Ақмола облысының әкімі жұмыс сапарымен Ерейментау ауданында болды

Аудан активiмен кездесуде Ермек Маржықпаев ауылдық елдi мекендерде, сонымен қатар, Ерейментау қаласының өзiнде жұмыс өте көптiгiн атап көрсеттi. «Жер қатынастары, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларында мәселелер көп. Басымдылықтарды дұрыс белгiлеп, оларды жүйелi түрде шешуге кiрiсу керек», — дедi облыс әкiмi.

Ермек Маржықпаев Елбасының жаңа әлеуметтiк бастамаларына баса назар аудартты. Ерейментау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң деректерi бойынша 162 отбасына жаңа қағидалар бойынша әлеуметтi көмек тағайындалды. 1 сәуiрден берi 45 отбасы жұмыспен қамту орталығына АӘК тағайындау туралы өтiнiш берген. Ауылдық округтерде түсiнiктеме беру жұмыстары жүргiзiлуде.

Сонымен қатар, облыс әкiмi аудандағы көктемгi егiн егу жұмыстарына дайындық, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету, су тасқынына қарсы iс-шараларды жүргiзу жұмыстарымен танысты.

Өңiр басшысы Ермек Маржықпаев өткен жылы облыстық бюджет есебiнен жөнделген Үмбетей жырау атындағы Мәдениет үйiнде болды. Мұнда жылу, сумен жабдықтау, өрт дабылы жүйелерi толық ауыстырылған және басқа да жұмыстар жүргiзiлген.

Сонымен қатар құны 338 млн теңге заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенi құрылысының барысымен танысты. Ауданы 2 мың шаршы метрден аса аумақта екi бассейн, мини-футбол, баскетбол және волейболмен айналысуға арналған әмбебап зал, тренажер және күрес залы бар. Жобаға сәйкес жаңа спорт объектiсiнiң аумағын абаттандыру бойынша workout алаңының құрылысы жоспарланған. Облыс әкiмi құрылыс жұмыстарын белгiленген мерзiмде аяқтауды тапсырды.

Ермек Маржықпаев "Қол жетiмдi тұрғын үй-2020" мемлекеттiк бағдарламасы бойынша салынған 60 пәтерлi жалға берiлетiн үйдi қарап шығып, мердiгерлерге орын алған кемшiлiктердi жоюды тапсырды.

Сонымен қатар, Ерейментау қ. №5 қазандығының жағдайын тексердi. «Теплосервис» ШЖҚ МКК басшысы Ерболат Мадияров ағымдағы жылу беру маусымы ауданда штаттық режимде өтiп жатқанын баяндады. Облыс әкiмi жауапты тұлғаларға қазандықта қажеттi жөндеу жұмыстарын жүргiзудi және жаңа жылу беру кезеңiне тыңғылықты дайындалуды тапсырды.

Ағымдағы жылғы сәуiрдiң аяғында «Астана-Павлодар» жолынан Ерейментау қаласына кiреберiске дейiнгi жол учаскесiн жөндеу басталады. "КазАвтоЖол" АҚ Ақмола облыстық филиалының басшысы Төлеген Абдулиннiң айтуынша учаскенiң ұзындығы 32 километр. Жобаның жалпы бюджетi 850 млн теңгеге жуық. Жұмыс жақын күндерi басталады, Ерейментау қ. үшiн маңызды осы учаскенi реконструкциялау құрылыс маусымының соңына қарай аяқталады.

Ермек Маржықпаев сол күнi азаматтарды жеке мәселелерiмен қабылдауын өткiздi. Облыс әкiмi әрбiр өтiнiш бақылауға алынатынын және қолданыстағы заңнама шеңберiнде шешiлетiнiн түсiндiрдi.

Құрылған күні: 10.04.2019
Қаралым саны: 200
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус