АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНДА БОЛДЫ

Бүгiн, өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Целиноград ауданы Қосшы ауылының тұрғындарымен сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету жөнiндегi жағдайды жақсартуға бағытталған iс-шаралар орындалуының барысын өзi тексердi. Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Iс-қимыл алгоритмi, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен бiрлесе отырып, Ақмола облысының әкiмдiгiмен дайындалған болатын.

7 сәуiрде қардың қарқынды еруiне және Қарағанды облысының су қоймаларынан су ағызудың нәтижесiнде, Нұра өзенi суының тасуынан Қосшы а. аумағында сорғыш станциясының 5 жаңа ұңғымасын су басқаны белгiлi. Лайланған су тереңдiктегi сорғылардың қабылдағыш торларын ластап, оларды iстен шығарды.

Қалған су баспаған алты ұңғымадан су көтерiлуiнiң нәтижесiнде, қажеттi 4 300 м³ көлемнен тәулiгiне 3 360 м³, демалыс күндерi тәулiгiне 4 800 м³ дейiн құрады.

Көппәтерлi тұрғын үйлерде қысымды арттыру үшiн, Қосшы а. жеке меншiк бөлiгiн орталықтандырылған сумен қамсыздандыру жүйесiнен ажырату шешiмi қабылданды, себебi көпшiлiгiнiң аулаларында баламалы ретiнде құдықтары бар.

Қосшы а. тұрғындарының өтiнiшi бойынша 10 сәуiрден бастап тұтынушыларға су беру кестесi енгiзiлдi: таңғы сағат 4.00-ден сағат 9.00-ге дейiн және кешкi уақытта сағат 17.00-ден сағат 23.00-ге дейiн. Атап айтқанда, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшiн, 11 су тасу көлiгi бөлiндi, олар «Лесная поляна» тұрғын үй алабының «Орион», «Алтын Дала», «Интернациональная», «Академия» аудандарында қол жетiмдi жерлерiнде орналастырылды. Ерiктiлермен және жастар ресурстық орталығының мамандарымен мүгедектерге, зейнеткерлерге және көмекке мұқтаж тұрғындарға жоғарғы қабатына су жеткiзу көмегi көрсетiлуде. Бiлiм беру және денсаулық сақтау объектiлерi штаттық режимде жұмыс iстеуде.

Қазiргi уақытта, бас тоған станциясының жақын аумағында қосымша ұңғымалар бұрғылау жұмысы жүргiзiлуде. Қазiргi сәтте, аудандық коммуналдық қызметтердiң және мердiгер ұйымдардың күштерiмен 4 ұңғыма қазылды. Су басқан ұңғымалар 7-10 күн iшiнде қалпына келтiрiлетiн болады.

Iссапар қорытындысы бойынша, өңiр басшысы Ермек Маржықпаев қысқа мерзiм iшiнде халыққа ауыз суын тұрақты берудi қалпына келтiрудi тапсырды.

       

Құрылған күні: 12.04.2019
Қаралым саны: 309
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус