Облыс әкімі Ермек Маржықпаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді

Қабылдауға келушiлер негiзiнен кәсiпкерлiк және әлеуметтiк саланың мәселелерiн қозғады. Бұл күнi Щучинск қаласының мүмкiндiгi шектеулi тұрғыны Дулат Қуанышев өзiне дәрi-дәрмек бөлудi және тұрғын үй мәселесiн шешудi өтiндi. Целиноград ауданынан кәсiпкерлер Мейрамгүл Байтасова мен Гүлзира Әбiшева мал жайылатын жайылым мен жер телiмiн бөлу жөнiнде көмек көрсетудi сұрады.

Осындай өтiнiш-тiлектердiң арасында ауыл шаруашылығы кәсiпорнын дамыту, өрттен кейiн тұрғын үйдi қайта қалпына келтiруге көмек қолын созу мәселелерi де болды. Ал, Нұр-Сұлтан қаласынан келген бизнес өкiлi облыспен екi жақты ынтымақты байланыс жөнiнде ұсынысын ортаға салды.

Өзi қабылдаған азаматтарды тыңдай келе, Ермек Маржықпаев олардың әрқайсысына тиiстi түсiнiк берiп, шешiм қолданыстағы заң шеңберiнде қабылданатындығын ескерттi.

Белгiленген кестеге сәйкес облыс әкiмi азаматтар мен заңды тұлғалардың өкiлдерiн кезек бойынша айына бiр рет қабылдайды. Қабылдауға 8 (716 2) 29-72-43 телефоны бойынша жазылуға болады.

  

Құрылған күні: 08.05.2019
Қаралым саны: 203
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус