Ақмола облысының әкімі жеке мәселелері бойынша азаматтардың қабылдауын өткізді

Бүгiн, облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң жеке қабылдауында тұрғын үй мәселелерiн шешуде және әлеуметтiк қолдау шараларын ұсынуда көмек көрсету өтiнiшiмен аналар болды.

Красный яр ауылының тұрғыны бес баланың анасы тұрғын үй жағдайына шағымданды. Сонымен қатар, көруi нашар 4 жастағы ұлының қаладағы тұңғыш «Өркен» балабақшасында арнайы топқа баратындығын айтты, онда көру мүмкiншiлiгi нашарлаған және мүлдем көрмейтiн балалар оқытылады. Бүгiнгi таңда, онда тифлопедагог жұмыс iстейдi, ол көруi нашар балаларды дамытумен және бейiмдеумен айналысады. Оқытудағы дифференциялы көзқарастар мақсатында, сәуiр айының соңында Боровской шағын ауданында «Нұр бала» мемлекеттiк балабақшасында тағы бiр топ ашу жоспарлануда.

Көкшетау қ. тағы бiр көпбалалы ана қиын өмiрлiк жағдайларымен бөлiстi. Оның отбасы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегiнде былтырғы жылдан берi тұр. Қазiргi уақытта, әлеуметтiк қорғау желiсi бойынша төлемдердi алмайды.

Өтiнiш бiлдiрушiлердi тыңдап, Мәлiк Мырзалин айтылған мәселелердiң бақылауға алынғанын атап өттi. Әр әйелге тиiстi түсiнiктеме берiлдi. Өңiр басшысы облыста әлеуметтiк-әлжуас отбасыларын аралап шығу жалғасуда екенiн жеткiздi. Әр отбасының түйiндi мәселесi жеке қаралатын болады. Сондай-ақ, бүгiн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуiмен әлеуметтiк саясатты iске асыру мәселелерi бойынша кеңес өткiзiлгенiн, онда Елбасы аса мұқтаж аз қамтылған азаматтарға, көпбалалы аналарға ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен бастап әлеуметтiк көмек көрсетудi тапсырғанын хабарлады.

Сонымен қатар, қабылдауда «Бастау» бағдарламасы бойынша оқытылған жұмыссыз өз iсiн ашу үшiн «Бизнестiң жол картасы 2020» аясында кредиттеу талаптарына қызығушылық танытты. Облыс әкiмi «Атамекен» кәсiпкерлер палатасының басшысына өтiнiш берушiмен кездесудi және оған консультативтi көмек көрсетудi тапсырды.

Облыс әкiмi азаматтардың және заңды тұлғалар өкiлдерiнiң жеке қабылдауын бекiтiлген кесте бойынша айына бiр рет қатаң кезек тәртiбiнде өткiзетiнiн естерiңiзге саламыз. Қабылдауға 8 (716 2) 29 72 43 телефоны бойынша, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының филиалында қабылдау тоқсан сайын жүзеге асырылады, оған 8 (716 2) 25 63 93 телефоны бойынша жазылуға болады.

Құрылған күні: 06.03.2019
Қаралым саны: 372
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус