Ақмола облысының әкімі азаматтарды қабылдады

Бұланды ауданында мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шеңберiнде Макинск қаласының орталық бөлiгiн орталықтандырылған жылу беру жүйесiне қосу жоспарланып отыр. Ол туралы облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин аудан орталығында азаматтарды жеке мәселелерiмен қабылдау барысында айтты.

Алтын Нұрканова, Зоя Закворяжина, Наталья Еременко өңiр басшысына Уәлиханов көшесiнде екi тұрғын үйдi орталықтандырылған жылу жүйесiне қосу мәселесi бойынша өтiнiш бiлдiрдi. Мәлiк Мырзалин аудан әкiмдiгi құжаттар дайындап жатқанын, кейiн конкурс өткiзiлiп, мердiгер анықталатынын жеткiздi. Жобаны 2019 жылы iске асыру жоспарланып отыр. Орталық жылуға 20 көпқабатты үй, соның iшiнде өтiнiш иелерi тұратын үйлер қосылады.

Сонымен қатар, азаматтар облыс әкiмiнiң атаулы шәкiрт ақысын алуға және жер мәселелерiн шешуге қолдау көрсетудi сұрады.

Өңiр басшысы әрбiр өтiнiш бақылауға алынғанын және қолданыстағы заңнама шеңберiнде шешiлетiнiн түсiндiрдi.

Құрылған күні: 03.10.2018
Қаралым саны: 608
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng