Ақмола облысының әкімі облыстық мәслихаттың сессиясына қатысты

Бүгiн, Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектi сессиясы өттi. Депутаттар 21 мәселе, оның iшiнде облыстық бюджеттi нақтылау бойынша шешiмдi бiрауыздан қолдады.

Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев бюджет қаражаты орын алған проблемалық мәселелердiң басымдылығын ескере отырып бөлiнгенi туралы ақпарат бердi. Қаражат көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтiк қамтамасыз етiлуiн жақсартуға, тұрғын үй инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысына, көлiк жүйесiн дамытуға, облыс өңiрлерiнiң жылумен жабдықтау кәсiпорындарын жылу беру маусымына дайындауға, әлеуметтiк саланы одан әрi дамытуға бағытталды.

«Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы Ақмола облысында жүзеге асырылуының барысы туралы кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Ербол Жақсылықов баяндап бердi. Бағдарламаның шеңберiнде тиiмдi жұмыс шағын және орта кәсiпкерлiктiң тiркелген субъектiлерi санының 56,6 мың данаға дейiн көбеюiн қамтамасыз еттi, ол өндiрiс, жұмыс пен қызмет көлемдерiнiң, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халық санының ұлғаюына ықпал еттi.

Шағын және орта бизнестi қолдау үшiн мемлекет тарапынан 45,4 млрд.теңге сомасында кредит бөлiндi, ол берiлген кредиттердiң жалпы сомасынан 24% құрайды. Ауыл шаруашылығы саласы барынша көп кредит алды — 37%, сауда саласы — 25%.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова өңiрдiң медициналық ұйымдарының дамуы мен қызметтерi жөнiндегi iс-шаралар жоспарын ұсынды.

Ақмола облысының бiрiншi қоғамдық кеңесiнiң уәкiлеттiлiгi аяқталуына байланысты, оның жаңа құрамы бекiтiлдi. Сонымен қатар, облыс әкiмдiгiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың өзгерiстерi бойынша 8 шешiм қабылданды.

  

Құрылған күні: 10.04.2019
Қаралым саны: 458
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус