Ақмола облысының әкімі көпбалалы отбасыларды аралады

Халықаралық отбасы күнi облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының бiрқатар үлгiлi отбасыларын мерекемен құттықтады.

Олеся мен Андрей Пирожковтар төрт бала тәрбиелеп отыр. Үлкен қыздары Вероника мен Анжелика колледждерде оқиды, ортаншысы Юлия — жетiншi сыныпта, ал ұлы Денис — мектепке дейiнгi жаста. Әңгiмелесу кезiнде атаулы әлеуметтiк көмектiң жаңа мөлшерi қомақты материалдық қолдау болғаны анықталды. «Сомма 10 есеге жақын өстi, қазiргi уақытта 117 теңге аламыз — дедi үй иесi. — Мемлекет табысы аз көпбалалы отбасыларға қамқорлық жасап отырғанына қуаныштымыз. Мен уақытша жұмыс iстемеймiн, отағасы — ЖШС жүргiзушiсi, оның жалақысы бәрiне жетпейдi».

Ысқақовтардың пәтерiнде Ермек Маржықпаевты отағасы — Ақмола облысындағы жалғыз балалар нейрохирургi Нұржан Мендiбайұлы қарсы алды. Осы саланың мамандары көршi Солтүстiк Қазақстан және Қостанай облыстарында жоқ, сондықтан Нұржан Ысқақовқа ол өңiрлерден де жас пациенттер келедi.

Ол Жақсы ауданы Қима ауылының тумасы. Еңбек жолын Атбасар қаласында бастаған, он жыл бұрын жұбайы — бастауыш сыныптар мұғалiмi Мира Жанұзаққызымен Көкшетауға көшiп келдi. Отбасында төрт бала бар. Үлкендерi — ұлы Дидар мен қызы Инабат IT-мектеп-лицейiнде оқиды, кiшi ұлы Аңсар және төрт айлық Аянат әзiрше уақыттарының көпшiлiгiн анасымен өткiзедi. Нұржан да, Мира да көпбалалы отбасыларда өскен, сондықтан олар қанша бала болуы керек деп ешқашан ойламаған. Оның үстiне Ысқақовтармен қазiр Нұржанның ата-анасы бiрге тұрып немерелерiн бағуға көмектесiп жатыр, Мендiбай Ысқақұлы өмiр бойы мал дәрiгерi болып iстеген, ал Майра Мырзағалиқызы ұстаздық еткен.

Мерекемен құттықтап, Ермек Маржықпаев Пирожковтар мен Ысқақовтар отбасыларына астау сыйлады. «Ерекше сыйлық тартқым келдi, астау — қонақжайлылықтың, ынтымақты отбасының белгiсi. Дастархандарыңыз әрқашан да бай болсын»,- дедi ол.

 

Құрылған күні: 15.05.2019
Қаралым саны: 198
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус