Ақмола облысының әкімі Көкшетау қаласындағы кафедралды собордың құрылысын салу барысымен танысты

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау және Ақмола епископы Серапионмен бірге Көкшетау қаласындағы православие храмының құрылысын салу барысымен танысты. Өңір басшысы мердігермен құрылыс мәселелерін талқылады. Бүгінгі таңда собордың сыртын әрлеу, цокол қабатын жабу жұмыстары жүргізілуде. Куполдар мен қоңырау орнатылды, инженерлік желілер тартылды. Қазіргі уақытта орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары 70% құрайды. Храмның ішкі әрлеу жұмыстарын келесі жылы бастау жоспарланып отыр. Кафедралдық собордың құрылысы ұйымдардың, еңбек ұжымдарының және жеке тұлғалардың ерікті садақалары есебінен салынуда. Көл жағасында көрікті жерде орналасқан үлкен храм облыс орталығының сәулеттік кебетінің тағы бір тамаша туындысы боларына сенімдіміз.

 

Құрылған күні: 09.08.2019
Қаралым саны: 290
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус