Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Ұлы Отан соғысының ардагерлерінде болды

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер, көптеген әскери және еңбек наградаларының иегерi, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы Асылбек Дәулетовтiң үйiнде ҚР IIМ ТЖ комитетi Көкшетау техникалық институтының курсанттары ерекше флешмоб-концерт ұйымдастырды. Институттың үрмелi аспаптарында ойнаған жiгiттер өздерi, соғыс жылдарындағы әндерден шағын концерт ұйымдастыруға ниет бiлдiрiп, құттықтауларымен ардагерлердiң үйлерiне барды. Курсанттардың нөмiрлерiн ардагерлермен қатар, олардың туыстары және көршiлерi тамашалады. Осындай ыстық кездесу Асылбек Дәулетовтiң де ауласында болды. Ардагер аулаға шығып, оркестрге алғысын бiлдiрдi, студенттермен және аулада ойнап жүрген балалармен сырласты.

Ардагердiң өңiр басшысымен кездесуi де жылы отбасылық жағдайда өттi. Ермек Маржықпаев Асылбек Жәзиұлын мереке күнiмен құттықтай отырып, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тiледi. Ардагердiң келесi жылы атап өтiлетiн Ұлы жеңiстiң 75 жылдығына арналған шеруге мiндеттi түрде қатысуын атап өттi.

Ұлы жеңiс күнiнiң қарсаңында Ермек Маржықпаев Кеңес Одағының батыры Андрей Николаевич Остапенконың жесiрi Мария Александровна Остапенкода болды. 57-армия, 113-шi атқыштар дивизиясы, 1292-шi атқыштар полкiнiң автоматшысы Андрей Остапенкоға Кеңес Одағының батыры атағы 1944 жылғы көктемде Украин майданында Оңтүстiк Буг өзенiнен өту кезiндегi көрсеткен ерлiгi үшiн берiлдi.

Мария Александровна Ұлы Отан соғысы жылдарында Подольск қаласынан Көкшетау қаласына эвакуацияланған зауытта жұмыс iстедi, онда майдан үшiн оқ-дәрiнiң бiрнеше түрi шығарылатын.

 Өмiрдегi ең маңыздысы — ел iшiндегi, сондай-ақ басқа мемлекеттермен достық пен бейбiтшiлiк, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевты әлемнiң көптеген елдерiмен жүргiзген бейбiт сүйгiш саясаты үшiн шексiз құрметтеймiн — дедi Мария Остапенко.

Облыс әкiмi Асылбек Дәулетовтi және Мария Остапенконы фашистiк Германиямен соғыс жылдарындағы Жеңiстiң 74 жылдығына арналған салтанатты iс-шараға шақырды.

Облыс әкiмiнiң құттықтауларымен өңiрде тұратын Ұлы Отан соғысының барлық 50 ардагерi қамтылды.

  

Құрылған күні: 08.05.2019
Қаралым саны: 397
Қонақтарға арналған ақпарат
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус