«AQMOL» Астанадағы дүкендер желісін кеңейтуде

Бүгiн астанада Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин мен Астана қаласының әкiмi Бақыт Сұлтановтың қатысуымен Сарайшық көшесi, 5/4 («Мисон» тұрғын үй кешенi) мекенжайы бойынша «AQMOL» желiсiнiң жаңа дүкенi ашылды. Мұнда делдалдарсыз Ақмола облысының жетекшi тауар өндiрушiлерiнiң бағалары бойынша балғын және экологиялық таза тамақ өнiмдерiн — сүт, жұмыртқа, ет, шұжық өнiмдерi, ұн, өсiмдiк майлары және т.б. сатып алуға болады.

2017 жылдың қарашасынан берi Астана қаласының әр аудандарында «AQMOL» дүкендер желiсiнiң нүктелерi ашылды. Оң жағалауда — Қошқарбаев көшесi, 37 («НұрАспан» ТК); Шәкәрiм Құдайбердiұлы көшесi, 17 («Мұнар» ТК); Мәңгiлiк ел даңғылы, 39 («Park Avenuе» ТК); Түркiстан көшесi, 10-үйде («Көркем II» ТК). 2019 жылғы ақпан-наурызда тағы 2 дүкен ашылады.

Естерiңiзге сала кетейiк, жоба Елбасының Астана қаласының айналасында азық-түлiк белдеуiн дамыту бойынша берген тапсырмасы шеңберiнде жүзеге асырылуда. Сауда үйiнiң құрылтайшылары құрамына «Агрофирма «Родина», «Гормолзавод», «CAPITAL PROJECTS LTD», "Ижевский" ӨК» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерi және тағы басқа Ақмола облысының брендтiк өнiмдерiн өндiрушiлер кiрдi. Болашақта одан әрi кеңейту жоспарланып отыр.

     

Құрылған күні: 28.11.2018
Қаралым саны: 522
Инвесторлар үшін Call-Center
+7 (708) 717-17-75

Қаз Рус Eng